Қазақстанда қанша маскүнем мен нашақор бар?

Қазақстанда қанша маскүнем мен нашақор бар? ©pixabay.com

Қазақстанда есірткі мен ішімдікке тәуелді адамдар туралы статистикалық мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда есірткі мен ішімдікке тәуелді адамдар туралы статистикалық мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нашақорлық туралы айтатын болсақ, Қазақстанда соңғы 10 жылда наркологиялық тіркеуде тұрған адамдар саны азайған", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының наркология және психотерапия орталығының дәрігер-наркологы Тоқтар Қойшыбеков. 

Дәрігердің сөзінше, елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге және 100 мыңға жуық адам ішімдікке тәуелді.

"Бұдан бөлек, астанада есірткіге тәуелділердің саны 13 пайызға төмендеуі байқалады. Бұл шамамен 1200-ге жуық адам, оларға "нашақорлыққа тәуелділік" диагнозы қойылған", - деді Тоқтар Қойшыбеков.

Нұр-Сұлтанда еркектер мен әйелдер арасындағы алкоголизмнің ең жоғары шегі 30-дан 44-ке дейінгі жас.

"Егер есірткіге тәуелді адамдардың жасы және әлеуметтік сипаттамаларына қарасаңыз, онда олар көбінесе 25-тен 44 жасқа дейінгі жастар, орта және арнайы орта білімі бар немесе тұрақты жұмысы жоқ адамдар", - деді ол.

Оның айтуынша, есірткіге тәуелділердің арасында синтетикалық препараттарды қолданатын адамдар саны өсіп келеді. Сондай-ақ жасөспірімдердің арасында синтетикалық есірткі қолдану бойынша үш жағдай анықталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети