Қазақстанда қоғамдық көлікте билетсіз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қоғамдық көлікте билетсіз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қоғамдық көлікте билетсіз жүргендерге айыппұл салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қоғамдық көлікте билетсіз жүргендерге айыппұл салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаторлар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабына (Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi
пайдалану қағидаларын бұзу) 2-бөлік етіп мынадай толықтыру енгізуді ұсынып отыр: "қоғамдық көлікпен жүрудің ақысын төлеуден жалтаруға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады". Бұл туралы табиғи монополиялар және реттелмелі нарық мәселелі бойынша заң жобасының салыстырмалы кестесінде қарастырылған. Бұл заң жобасын сенаторлар бүгін жоғарғы палатаның кеңейтілген отырысы барасында қарап шығып, түзетілген құжатты Парламент Мәжілісіне қайтарды.

Салыстырмалы кестеде көрсетілгендей, бұл норманы қабылдау қоғамдық көлікте билетсіз жүрмеу әкімшілік жауапкершілігін орнату үшін ұсынылған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте билетсіз жүргендерді жазалау қарастырылмаған, тек 623-бапта жолаушыларды билетсiз алып жүру бойынша жазалау бар. Онда жолаушыларды билетсiз алып жүру бойынша "трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста және маршруттық таксиде - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген (1 АЕК - 1982 теңге). 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети