Қазақстанда сәуір айында күн жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сәуір айында күн жылы болады ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанда сәуір айында күн жылы болады, ауа температурасы бүкіл республика аумағында қалыпты климаттық мөлшерден 1-2 градусқа жоғарылайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сәуір айында күн жылы болады, ауа температурасы бүкіл республика аумағында қалыпты климаттық мөлшерден 1-2 градусқа жоғарылайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында ғана ауа райы қалыпты климаттық мөлшерінде сақталады. "Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, сонымен бірге Батыс Қазақстан облысының қиыр солтүстігінде және Ақтөбе облысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп күтілуде. Ал қалған аймақтарда нормадан төмен болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК сәуір айындағы ауа райына байланысты жасаған түсініктемелерінде. 

Синоптиктердің айтуынша, осы алдағы бір айдың ішінде үш рет күн салқындайды. Сәуір айының бірінші, екінші және үшінші онкүндігінің соңында ауа райы құбылмалы болады. Осы аралықта жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласады. Онымен қоса жел күшейіп, жолдарда көктайғақ пайда болады. Сондай-ақ айдың екінші онкүндігінде ауа температурасы төмендеп, күн жіті суыта бастайды. Қазақстанның солтүстік аймақтарында түнде 5-15 градусқа дейін аяз, ал күндіз 0 ден 8 градусқа дейін жылы болады. Ал республикамыздың оңтүстік аймақтарында түнде -5, + 3 градус аралығында болады, ал күндіз 5-13 градус жылы болады деп болжанып отыр. Үшінші онкүндікте ауа температурасы жоғарылайды, солтүстік жақта 20 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда 28 градусқа дейін күн жылы болады.

Бұдан бұрын синоптиктер Қазақстанда жаз мезгілінде ауа-райы қандай болатынын хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, жаз мезгілінде температура қалыпты болады, тек Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарында күн салқын және жауынды болады деп күтілуде.


 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети