Қазақстанда тағы үш жүрдек пойыз іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы үш жүрдек пойыз іске қосылады © railways.kz

2014 жылдың соңына дейін "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы Астана - Қызылорда, Астана - Өскемен, Алматы - Өскемен бағыты бойынша үш жүрдек пойызды іске қосады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылдың соңына дейін "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы Астана - Қызылорда, Астана - Өскемен, Алматы - Өскемен бағыты бойынша үш жүрдек пойызды іске қосады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Мұның алдында ұлттық компания екі жүрдек пойызды іске қосқан болатын. 2 маусымнан бастап Астана - Шымкент, 1 тамыздан бастап, Алматы - Ақтөбе пойыздары жолаушылар тасымалдай бастады. Пойыздар "Тұлпар-Тальго" зауытының вагондарынан құрылды.

Хабарламада көрсетілгендей, жалпы биылғы сегіз айда Ұлттық тасымалдаушы 13,6 миллион жолаушыны діттеген жерлеріне жеткізген, оның ішінде жаз маусымының 3 айында ғана (маусым-тамыз) 5,9 миллион (немесе 43 пайыз) жолаушыны тасымалдады, бұл көрсеткіш өткен жылдың жаз айындағы көрсеткішінен 27 мың жолаушыға артық. Бұл ретте жазғы маусымда (маусым-тамыз айларында) жүрдек пойыздарда 298 мың жолаушы тасымалданды.

Айта кетер жайт, халықаралық бағыттардағы пойыздарда билетті сатып алу уақытына байланысты (45 немесе 15 тәулік) 10 және 30 пайыздық жеңілдіктер, жүрдек пойыздарда вагон санаттарына сай («Гранд», «Бизнес») 10 пайыздан 25 пайызға дейінгі жеңілдіктер енгізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети