Қазақстанда таяу күндері қарлы-боранды ауа райы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда таяу күндері қарлы-боранды ауа райы болады ©Ярослав Радловский

18-20 қараша аралығында Қазақстанда қарлы және тұманды ауа райы болады. Бұл туралы Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18-20 қараша аралығында Қазақстанда қарлы және тұманды ауа райы болады. Бұл туралы Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік аймақтарында қазір қысқы ауа райы қалыптаса бастаған. Бұл аймақтарда күн суытып, суық ауа қалыптасып, температура деңгейі төмендеген.

"Таяу үш күндікте солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда қар жауып, боран соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, төменгі температура түнде 13-23 градусқа дейін жетеді. Ал күндіз 5-10 градустық аяз болады" - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сондай-ақ оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда да көктайғақ болып, тұман түседі және қар жауып, боран соғады. Синоптиктер "бұл облыстарда түнде 0-8 градус, ал күндіз +2 және -5 градус суық болады", - деп жорамалдады.

"Батыс аймақтарда циклондық құбылыстар болатындықтан мұнда да күн суытады. Бұл аймақтарда түнде 8-18, ал күндіз 2-10 градус аяз болады", - дейді мамандар. 

Ауа райын болжаушылардың айтуынша, биыл Қазақстанда қыс өткен жылғыдан қаттырақ болады. Аязды күндердің арты қарға ұласады. Мамандардың айтуына қарағанда, қарашаның бастапқы екі аптасы жылы, жауын-шашынды өткенімен, айдың келесі екі аптасында күн  суытады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети