Қазақстанда темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітіледі © www.goodfon.ru

Қазақстанда 2017 жылдың басынан темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітіледі, бұл туралы "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" үкімет қаулысында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Үкіметтің 2007 жылдың 4 сәуіріндегі "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" № 260 қаулысына келесі өзгерістер енгізуді қаулы етеді: 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін - екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде, ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - үш жүз теңге (300) мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін", - делінген құжатты мәтінінде. 

Айта кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең арзан темекі 200 теңге еді, ал сол жылдың күзінде 220 теңгеге көтеріліп, кейін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең арзанына 240 теңге мөлшері белгіленген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети