Қазақстанда түркі стиліндегі жаңа қала пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда түркі стиліндегі жаңа қала пайда болады © Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда түркі стиліндегі жаңа қала пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда түркі стиліндегі жаңа қала пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қаланың бас жоспары Қызылордада өтіп жатқан "Байқоңыр" VI Инвестициялық форумында отандық және шетелдік инвесторларға таныстырылды.

Жоба авторы - Қазақстан қала құрылысы кеңесінің президенті Любовь Нысанбаеваның айтуынша, қаланың архитектурасы түркі стилінде жасалады.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жаңа қаланың тұжырымдамасы Бейрут, Бұхар, Ташкент, Йемен мен Тунистің архитектуралық элементтеріне негізделгенін хабарлады. Яғни Таяу Шығыстың классикалық стилінде болады.

Аумақтың 1532 гектары жайлы өмір сүруге арналып жасалады. Туризим, білім беру көп жылға алда болады.

"Сарапшылардың пікірінше, осындай ырғақпен қала халқының саны 2050 жылға қарай 350 мыңға жетіп қалуы мүмкін. Жобаны әзірлеу барысында біз болашақ тұрғындардың жағдайын ойладық. Сонымен қатар, Қызылорданы тарихи орталық ретінде қалдыруға тырыстық", - деді жоба авторы.

Жергілікті биліктің жоспары бойынша, "Жаңа Қызылорданың" алғашқы бөлігі 2025 жылы дайын болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети