Қазақстанда ұшақта темекі шеккендерге жаза қатаңдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұшақта темекі шеккендерге жаза қатаңдайды © pixabay.com

Қазақстанда ұшақ бортында темекі шеккені үшін жаза қатаңдатылмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұшақ бортында темекі шеккені үшін жаза қатаңдатылмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай пікірді Мәжілісте "Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге күрес Конвенциясын ратификациялау" заң жобасын талқылау кезінде ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек білдірді. 

Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар министрден Қазақстанда әуе кемесінің бортында темекі шегуге тыйым салынған  деген ережені елемейтін азаматтарға қарсы жазалауды күшейту мәселесі қарастырылған ба деп сұрады. 

"Шынымен де, халықаралық тәжірибеде борт ішінде осындай заң бұзушылықтармен күрес шаралары әртүрлі. Біз осыдан 2-3 жыл бұрын ғана авиациялық заң жобасына өзгертулер енгіздік. Осындай азаматтарға жазаны күшейттік - бұл 15 күн қамауда болу не 20 АЕК, Бұл көптеген мемлекеттерде қолданылатын тәжірибе. Әуе компанияларымен белсенді түрде жазаны күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз, мүмкін күшейту жөнінде ұсыныстар тастауымыз мүмкін", - деді Жеңіс Қасымбек сұраққа жауап бере отырып. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети