Қазақстанда вокзал қызметкерлері мүгедектердің жүгін вагонға дейін жеткізіп беруге міндеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда вокзал қызметкерлері мүгедектердің жүгін вагонға дейін жеткізіп беруге міндеттелді © flyingwheels.ru

Вокзал қызметкерлері мүгедектердің жүгін вагондарға дейін жеткізуге міндетті, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вокзал қызметкерлері мүгедектердің жүгін вагондарға дейін жеткізуге міндетті, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету ережесін бекітті. Жаңа тәртіп бойынша, вокзал қызметкерлері жарымжан жолаушыларды күтіп алып, жүгін вагондарға дейін жеткізетін болады.

"Сонымен қатар, олардың міндетіне кембағалдарды отырғызуға көмектесу қызметтері енгізілді. Ол үшін вокзал кезекшісіне мүгедек азаматтың келетіндігі туралы алдын ала хабарлануы тиіс", - деп хабарланды.

Қазіргі таңда еліміздегі 138 теміржол вокзалында пандустар талапқа сай орнатылған. 58 нысанда мүгедектерге арналған арбалар да алынған. 16 вокзалдағы анықтама бюролары құлағының мүкісі бар жандарға қажетті ақпараттық жүйемен қамтылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети