Қазақстанда жаңа ұлттық компания құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа ұлттық компания құрылды © Тұрар Қазанғапов

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа ұлттық компанияның құрылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа ұлттық компанияның құрылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Үкімет қаулысымен "Қазақ Туризм" АҚ компаниясы құрылды", - дейді Мұхамедиұлы. 

Акционерлік қоғамның алғашқы міндеті Қазақстанның шетелдегі турситік әлеуетін арттыру.  Екіншісі - инвестиция тарту. 

"Бұл бізге не береді? Бұл шаруашылық субъектілердің пайда болуына әкеледі. Көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстан туризміне ақша құюға әзір екенін нақты айта аламын, өйткені Еліміздің табиғи ландшафты ерекше", - деп түсіндірді министр. 

"Бюджет бойынша айтарым, бастапқыда қызметкерлер айлық алады, келесі жылдан бастап компания өзін-өзі ақтайтын болады", - деп аяқтады ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети