Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақыру әлі де жалғасып жатыр - Бас прокуратура

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақыру әлі де жалғасып жатыр - Бас прокуратура Видеодан алынған кадр

ҚР бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Құрметті отандастар! Ағымдағы жылдың 28 маусымында прокуратура органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бейбіт митингілер мен жиналыстар өткізудің тәртібі мен шарттары туралы заңға түсініктеме берді. Мемлекет мұндай жария іс-шараларды өткізуге конституциялық құқықты іске асыруды "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заң шеңберінде қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде аталған заң талаптарын бұзып, 2019 жылғы 6 шілдеде санкцияланбаған митингтерді ұйымдастыруға және оған қатысуға арандатушылық шақыруларды тарату әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді. 

"Жүргізіліп жатқан үгіт - жекелеген адамдардың жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған кезекті талпынысы. Конституция мен ұлттық заңнамаға сәйкес мұндай іс-әрекеттерге тыйым салынады және жауапкершілікке әкеп соғады", - дейді ол. 

Осыған байланысты, құқық қорғау органдары аталған заңсыз іс-әрекеттердің жолын кеседі. 

"Рұқсат етілмеген жария акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге шақыру, не оларға қатысу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы  бойынша жауапкершілік қарастырылған (санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу). Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда Қылмыстық кодекстің 400-бабы  бойынша жауапкершілік туындайды (санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі зиян келтірсе)", - деді Дембаев.

Хабарламаны ескере отырып, бас прокуратура қазақстандықтарды заң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети