Қазақстанда жекеменшік теміржол жүк тасымалы пайда болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жекеменшік теміржол жүк тасымалы пайда болуы мүмкін Жекеменшік теміржол жүк тасымалы пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жекеменшік теміржол жүк тасымалы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Жанат Ертілесованың "Кәсіби әңгіме" бағдарламасында Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек сөз етті. Бағадарламада Кеден Одағы аясында теміржол жүк тасымалын жетілдіру мәселесі көтерілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жекеменшік теміржол жүк тасымалы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Жанат Ертілесованың "Кәсіби әңгіме" бағдарламасында Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек сөз етті. Бағадарламада Кеден Одағы аясында теміржол жүк тасымалын жетілдіру мәселесі көтерілді.

Бағдарлама қонағының айтуынша, теміржол саласын реформалау барысында жекелеген теміржол жүк тасымалын іске қосу бұдан бұрын да жоспарланған. Бірақ 10 жыл өтсе де бұл әлі тәжірибеге енбеді. 

"Бұл салада экспедиторлық кәсіп, вагондарды бақылайтын парктер, жекелеген жолаушылар тасымалы пайда болды. Енді жекелеген теміржол жүк тасымалы да қолданысқа енуі керек. Әрине, теміржол жүк тасымалын мемлекет бақылайды. Мысалы, Германияда теміржол жүк тасымалының 70 пайызы мемлекеттік компаниялар болса, 20 пайызы жекеменшік компанияда. Біз де осы үлгіні алуымыз керек" - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұған қоса ол “Министрлік жекелеген кәсіпорындардың теміржол торабы арқылы жүк тасымалдауы үшін біраз жұмыстарды жүзеге асыруда. Біз бұл тұрғыда барлық мақсатты істерді аяқтадық. Енді Кеден одағы аясында техникалық және мемлекеттік стандарттарды нақтылап, талқыға салу қалды. 2015 жылы жекеменшік теміржол жүк тасымалын қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз" - деді. 

Бағдарлама қонағы Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері теміржолдарының ырықтандыру сатысы әр түрлі екенін де құлаққағыс жасады. Кеден Одағы аясында теміржол жүк тасымалын жетілдіру турасында толығырақ,  1 қазан күні сағат 20:30-да СТВ арнасынан көрсетілетін Жанат Ертілесованың "Кәсіби әңгіме" бағдарламасынан көре аласыздар.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети