Қазақстанда жол сапасын жақсартуға 350 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жол сапасын жақсартуға 350 миллиард теңге бөлінеді

Нұрсұлтан Назарбаев облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасын жақсартуға 350 миллиард теңге бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасын жақсартуға 350 миллиард теңге бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің балаларымыз, шөберелеріміз осы жолдармен жүреді. Заманауи жолдар желісін кеңейту - үкіметтің негізгі міндеті. Оның орындалуын партиялар бақылауы тиіс. Осыны жүзеге асыру үшін 350 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Осы ақшаны дұрыс жұмсаған жағдайда 2025 жылы облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасы 95 пайызға жақсарады деп санаймыз", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде.

Президенттің айтуынша, өңірлік транспорттық инфрақұрылымдардың барлық нысанын жақсартуға да осы қаражат жұмсалады. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы жолдардың да сапасы жақсаратыны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети