Қазақстанда жұмыссыздық мәселесінің қалай шешілетіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жұмыссыздық мәселесінің қалай шешілетіні айтылды

"Нұр Отан" партиясы өзінің "Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты сайлауалды бағдарламасында жұмыссыздықпен күресу жолын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVII кезектен тыс съезі басталды. 

"Нұр Отан" партиясы жаһандық дағдарысқа қарсы тұрудың негізгі шараларының бірі деп жаппай жұмыссыздықтың алдын алуды атайды. "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасының арқасында бізде жұмыспен қамтуды қорғаудың озық антикризис тәжірибе бар. Жаңа қауіп-қатерлерге байланысты бұл бағдарлама күшеюі тиіс деп есептейміз", - делінген бағдарламада.    

Сонымен қатар, үлкен шығындар болған жағдайда Ұлттық банктің қаражатынан ірі компанияларды субсидиялау ұсынылып отыр. 

"Әлемдік конъюнктураға байланысты өндіріс мөлшері немесе өнім бағасы азайған жағдайда, адам саны 250 адамнан кем емес жоғары мамандандырылған ірі өндіріс кәсіпорындарында жаппай жұмыссыздықты болдырмау мақсатында жұмыс уақытын азайтудан жоғалған табыстың 2/3 көлемінде уақытша субсидиялау болады", - делінген құжатта. 

Бағдарламада бюджет қаражатын үнемдеуге ерекше назар аударылған. "Бюджет саясатының негізгі ұстанымы оны оптимизациялау болады, бюджет қаражатын қатаң үнемдеу, Ұлттық қордағы бюджет қаражатын орынды әрі ұқыпты пайдалану, мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру", - делінген мәтінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети