Қазақстанда жүргізуші куәлігі туған күнге тарту етіледі - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жүргізуші куәлігі туған күнге тарту етіледі - сарапшы © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жүргізуші куәлігі туған күнге тарту етіледі, бұл туралы ҚР Көлік құралын жүргізушілер одағының төрағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіру мәселесі талқыланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жүргізуші куәлігі туған күнге тарту етіледі, бұл туралы ҚР Көлік құралын жүргізушілер одағының төрағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіру мәселесі талқыланды.

"Автомектептер жүргізуші куәліктерін сатады. Куәлікті туған күнге сыйлауға болады. Бұл біздің тәжірибеде бар. Біреулер: "Міне, ұлым 18 жасқа толды, біз оған жүргізуші куәлігімен бірге автокөлік сыйлағымыз келеді дейді. Мұндай тәжірибе бар. Ондай тәжірибемен сондықтан күреспей ме?", - деп сұрады ҚР Көлік құралын жүргізушілер одағының төрағасы Талғат Жаңабаев "Жол жүрісі саласындағы заңнаманы жетілдіру" тақырыбында өткен отырысқа қатысушылардан.

Талғат Жаңабаевтың мәлімдеуінше, Қазақстанда жүргізушілердің 10 пайызы ғана жол қозғалысы ережесін біледі. 

"Біз эксперимент жасап көрдік. Жүз жүргізушінің 13-і ғана жол қозғалысы ережесін тапсыра алды. Бұл мемлекеттік мәселе. Кеңес заманында адамдардан жылына бір немесе екі рет техминимумнан өту талап етілді. Бұл талаптар қазір жоқ. Сонымен қатар, заңнама түбегейлі өзгерген: жүргізушілер ережені қасақана бұзбайды, себебі олар ережені білмейді", - деді ҚР Көлік құралын жүргізушілер одағының төрағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети