Қазақстанда жылжымайтын мүлік құқығы міндетті түрде электрондық тәртіппен тіркелетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жылжымайтын мүлік құқығы міндетті түрде электрондық тәртіппен тіркелетін болды © Nslovo.com

Қазақстанда жылжымайтын мүлік құқығы міндетті түрде электрондық тәртіппен тіркелетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақордаға" сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келісімшарт құқықтарына кепілдік беретін меншік құқығын қорғауға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Заңда жылжымайтын мүлік құқығының міндетті түрде электрондық тәртіппен тіркелуі қарастырылған. Айта кетейік, мұндай рәсім Қазақстанда 2013 жылдан бері бар. Қабылданған заң оның міндеттілігін растайды. Әділет министрі Берік Имашевтың айтуынша, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жасалған жылжымайтын мүлік құқығын міндетті түрде электрондық тәртіппен тіркеу заңы жылжымайтын мүлік нысандарын рәсімдеген кезде меншік құқығын заңсыз әрекеттерден қорғауға бағытталған.

Осыған дейін сарапшылар жылжымайтын мүлік құқығының міндетті түрде электрондық тәртіппен тіркеу алаяқтықтардан қорғану мақсатында ақпарат қауіпсіздігін күшейтуді талап ететінін айтқан болатын. Сонымен қатар, олар дәстүрлі әдіске қарағанда мұнда қысқа мерзімде тіркеуге болатынын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети