Қазақстандағы АҚШ елшілігі америкалықтарға Ақтөбедегі терактіден кейін сақ болуын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы АҚШ елшілігі америкалықтарға Ақтөбедегі терактіден кейін сақ болуын ескертті Джордж Крол

АҚШ елшілігі америкалықтарға Ақтөбедегі терактіден кейін қауіп төнуі мүмкін деп ескертіп жатыр. Бұл туралы тілшілерге Қазақстандағы АҚШ елшісі Джорж Крол "Орталық Азия: Қазіргі таңдағы инновация" атты техникалық форумында айтқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ елшілігі америкалықтарға Ақтөбедегі терактіден кейін қауіп төнуі мүмкін деп ескертіп жатыр. Бұл туралы тілшілерге Қазақстандағы АҚШ елшісі Джорж Крол "Орталық Азия: Қазіргі таңдағы инновация" атты техникалық форумында айтқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біз Қазақстандағы барлық америкалықтарға және Қазақстанға келгісі келетін азаматтарға ескерту жасадық. Біз олардан Ақтөбеде болған жағдайға байланысты сақ болуын сұраймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанға келе жатқан америкалықтардың осы оқиға туралы білетініне сенімді болғымыз келеді. Олар осында келетін жағдайда, әсіресе осы өңірлерге келетін болса, жағдайды түсінуі қажет", - деді Крол тілшілерге.

Оның айтуынша, бұл тек ескерту. Онда елшілік АҚШ азаматтарына жергілікті биліктің бұйрығын орындау керектігін айтып отыр. "Мысалы, Ақтөбеде кешегі оқиғаға байланысты шектеулер бар. Біз адамдарға жергілікті биліктің айтқанын орындауды ұсынып, ескерту жасап жатырмыз. Өкінішке қарай, қазір барлық жерде қауіп төніп тұр, қайда болсаңыз да, Қазақстанда болсын, АҚШ-та болсын, мұндай жағдай болуы мүмкін. Біз Мемлекеттік департаментпен біріге отырып, ескерту жасадық. Біздің елшілік бұл оқиға жайлы біледі және саяхатшыларға арналған ұсыныстардың тізімімен жұмыс істеп жатырмыз. Олар желіде жарияланатын болады", - деді АҚШ елшісі.

Айта кетейік, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети