Қазақстандағы үздік перзентханалардың рейтингі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы үздік перзентханалардың рейтингі жасалды © REUTERS

Қазақстандағы үздік перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы үздік перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың рейтингі жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтында 2016 жылдың бірінші жартысындағы қалалық перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда атқарылған жұмыстардың қорытындысы жарияланды. Тізімдегі алғашқы бестікте Алматы қаласының перзентханалары тұр. Олардың ішінде №1 перзентхана, перинаталдық және балалар кардиохирургия орталығы, №5 перзентхана, №4 перзентхана мен қалалық перинаталдық орталық бар. Ал 6-орында Ақтау қалалық перинаталдық орталығы тұр.

Астана қаласындағы №2 перинаталдық орталық болса, тізімнің 12-орнында тұрақтады. 

Рейтингтің соңында Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының перинаталдық орталығы тұр. Айта кетейік, тізімде жалпы 28 медициналық мекеме бар. Еліміздегі басқа үздік перзентханалардың тізімін мына жерден көруге болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети