Қазақстанды болашаққа бастайтын жастар - Тоқаев

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанды болашаққа бастайтын жастар - Тоқаев © Мухтар Холдарбеков

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты лайықты жалақымен қамту, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты лайықты жалақымен қамту, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтатынын айтты. 

"Өңірлерді дамытудың жаңа бағыттары. Біздің қағидамыз баршаңызға мәлім. Қуатты аймақтар - қуатты Қазақстан. Азаматтарымызды толғандырған нақты мәселелер жергілікті деңгейде шешілуі тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтамыз. Аймақтағы қордаланған мәлелерді шешуде халық белсене араласатын болады", - деді ол. 

Тоқаев "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жастарға бағыттау керек екенін айтты. 

"Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағыт-бағдарымыз болып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, отанға адал болу, ғылым-білімге деген ұмтылыс, мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер. Бұл қасиеттер біздің халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады. Бәсеге қабілетті ел болуға жол ашады. Қазақстанды болашаққа бастайтын жастар. Сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет", - деді Мемлекет басшысы. 

Президент мемлекеттік бюджеттің қаражатын жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет екенін мәлімдеді. 

"Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл стратегиялық маңызы бар дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет", - деді Президент. 

Айта кетейік, салтанатты іс-шараға Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Сондай-ақ шарада Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғары сот судьялары, министрлер мен шетелден келген елшілер болды.

Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен. Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети