Қазақстандық адвокаттар министрге соттағы тексерістер үшін шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық адвокаттар министрге соттағы тексерістер үшін шағымданды

Қазақстандық адвокаттар ҚР әділет министрі Марат Бекетаевқа сот ғимаратына кірер кездегі тексерістерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық адвокаттар ҚР әділет министрі Марат Бекетаевқа сот ғимаратына кірер кездегі тексерістерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адвокаттық қызмет туралы заңға сәйкес, адвокаттын заттарын, мүлігін және оған тиесілі құжаттамалар тексеруге не болмаса оларды тәркілеуге болмайды. Алайда, бұл норма бұзылып жатыр. Сотта отырыстар өткенде немесе мемлекеттік органдарға кіргенде бізден видео және аудиотехника, компьютерлерді алады. Бұл заң қызметін көрсетуге әсерін тигізеді. себебі кейде белгілі бір заңнаманы қарап шыққымыз келеді, ал бізде қолымызда ондай мүмкіндік жоқ. Бұл әрекеттер заңды ма?", - деді Ақмола облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Ғалия Ибраева министрмен кездесу барысында.

Министр Марат Бекетаев өз кезегінде бұл әрекеттерді заңды деп санайтынын айтады.

"Менің айтатынымы - бұл әрекеттер заңды. Ешкім әуежайға кіргенде оның жүгін тексерсе шағымданбайды. Бұл қауіпсіздік мәселесі. Әуежайлар, сот және әкімшілік мемлекеттік органдар да қорғалатын нысандар болып саналады. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін, адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Мысалы, мен үкімет ғимаратына кіргенде мені тексереді. Сол кезде мен ешқандай да шағым айтпаймын. Меніңше, барлығына бұрын бұл қауіпсіздік үшін жасалады", - деді министр.

Сондай-ақ, Марат Бекетаев сот ғимараттарында ұялы телефондарды алып қоюдың әдеттегі тәжірибе екенін айтты.

"Мен де сот ғимаратына кіргенде ұялы телефонымды қалдырып кетемін. Бұл қауіпсіздік үшін қойылатын талаптар", - деді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети