Қазақстандық депутаттар каникулға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық депутаттар каникулға шықты © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Парламентінің VI шақырылымының үшінші сессиясы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Парламентінің VI шақырылымының үшінші сессиясы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин каникулдың басталғанын мәлімдеді.

"Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері мен шақырылған қонақтар. Біз Қазақстан Республикасы Парламентінің VI шақырылымының үшінші сессиясын аяқтап жатырмыз. Бұл алда жоспарлаған мақсаттарымыз үшін маңызды сәт. Үшінші сессия өте маңызды әрі тарихи уақытқа келді - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төраға болды. Елімізде EXPO-2017 кормесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, елордамызды Сирядағы жағдайды реттеуге бағытталған процестер өтті. Қазақстан келісімшарттар үшін әлемдік алаңға айналды. Осы оқиғалардың барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделі мен оның ішкі және сыртқы саясатының арқасында", - деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, ол үшінші сессия кезінде екі палатада 129 заң жобасы қаралып, оның 84-і қабылданғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы 65 заң жобасына қол қойып, ол заңдар өз күшіне енген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети