Қазақстандық экс-сенатор Наурызда 11 күн демалуға қатысты идеясын түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық экс-сенатор Наурызда 11 күн демалуға қатысты идеясын түсіндіріп берді © Тұрар Қазанғапов

Экс-сенатор, философ, академик Ғарифолла Есім Наурызды тойлау кезіндегі демалысқа қатысты идеясын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол оқушылар мен студенттер демалу үшін көктемгі каникулды 14-25 наурыз аралығына ауыстыруды ұсынды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-сенатор, философ, академик Ғарифолла Есім Наурызды тойлау кезіндегі демалысқа қатысты идеясын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол оқушылар мен студенттер демалу үшін көктемгі каникулды 14-25 наурыз аралығына ауыстыруды ұсынды.

Есімнің айтуынша, оның идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты емес, себебі оларға Еңбек кодексі бойынша мерекелік үш күнге ғана демалыс берілген.

"Балалардың күндізгі өмір салтына дағдыланып, бейімделуіне уақыт беру керек, себебі күн ұзарып, түн қысқарады. Психологиялық тұрғыда бейімделу үшін. Студенттер ата-аналарына барып, ағаш отырғыза алады. Бұл ата-анамен, туыстармен көрісіп қайту үшін қолайлы уақыт. Наурыз каникулы. Осы кезде түрлі шара өткізуге болады. Біз балалармен және немерелермен араласа аламыз. Бәрінен бұрын мейрам балаларға арналады, сыйлық тарту ету қажет. Еріктілер қызметі болуы керек. Наурыз мейрамына бүкіл халық қатысуы үшін", - деді ол.

Оның айтуынша, күн мен түннің теңелуіне дейін жас ағзаға дайындық пен бейімделу үшін уақыт қажет. Сонымен қатар, көктемгі каникулды өзге елдердегі "рождество каникулы" деген сияқты "наурыз каникулы" деп атауға болады.

"Түнгі уақыт қысқарып, күндізгі уақыт ұзарады. Ағза қайта қалыптасады. Каникул физиологиялық, психологиялық тұрғыда бейімделуге көмектеседі. Әйтпесе, біздегі каникулдар мәнсіз, атаусыз. Білім министрлігі 14-25 наурызды бұйрықпен шеше алады. Ересектер үшін мейрам бар - үш күн демалыс. Сол жеткілікті. Ата-аналар да демалатын болса кім жұмыс істейді", - деді экс-сенатор.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Наурызда ауа райының қандай болатынын айтты. Сонымен қатар, Астана мен Алматыда Наурызға арналған шаралар өтетін орындар белгіленді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети