Қазақстандық кәсіпкерлерге жарнама ұрандарын қазақ тіліне тегін аударуға уәде берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпкерлерге жарнама ұрандарын қазақ тіліне тегін аударуға уәде берілді © Tengrinews.kz

Қазақстандық кәсіпкерлерге жарнама ұрандарын қазақ тіліне тегін аударуға уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпкерлерге жарнама ұрандарын қазақ тіліне тегін аударуға уәде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары кәсіпкерлерге жарнама мәтіндерін қазақ тіліне тегін аударуға көмек ұсынады.

"Emle.kz", "Tilalemi.kz" сайттарында "Маманның көмегі" деген бөлім бар. Сонда аударуға қажетті мәтінді жіберуге болады. Алдымен тіркеліп, сосын ғана мәтінді жіберу керек. Мамандар мәтінді аударып, бірден орфографиялық қатенің бар-жоғын тексереді. Біз осындай көмек көрсете аламыз", - деді Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.

Ал орталық директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы әдіскерлердің жарнама ұрандарын тек аударуға емес, мәтінді өздері құрастыруға дайын екенін мәлімдеді.

"Біз аударманың не екенін ұмытуымыз қажет. Егер де бізге болашақта кәсіпкер қазақ тілінде жарнама мәтінін құрастыру туралы өтінішпен келсе, біз оны орындауға дайынбыз. Ал егер кәсіпкер біздің сайтқа оған белгілі бір тауарға қазақ тіліндегі жарнама мәтінін дайындау қажеттігі жайлы жазса, ол жұмысты тегін орындаймыз. Бастысы, хабарлама жіберуші өз тауарын сипаттап беруі қажет. Сосын біз жарнама мәтінін қазақ тілінде жазамыз", - деді Оразкүл Асанғазы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети