Қазақстандық кеншілер қайғылы жағдайлардан сақтандырылмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кеншілер қайғылы жағдайлардан сақтандырылмаған Фото ©REUTERS

Қазақстандағы тау-кен, металлургия саласында жұмыс істейтін кеншілердің басым көпшілігі қайғылы жағдайлардан сақтандырылмаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Кәсіподақ Федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Амандықовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы тау-кен, металлургия саласында жұмыс істейтін кеншілердің басым көпшілігі қайғылы жағдайлардан сақтандырылмаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Кәсіподақ Федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Амандықовқа сілтеме жасап.

"Қазақстанда бүгінге дейін өндіріс орындарында қайғылы оқиға бола қалған жағдайда ондағы жұмысшыларды міндетті сақтандыру мәселесі шешімін таппай келеді. Заңда өндіріс орындарында жұмыс істейтіндердің барлығы міндетті сақтандырылуы тиіс деп көрсетілгенімен, жұмыс берушілердің тек 40 пайызы ғана өздерінің жұмысшыларын сақтандырған", - деді ол Қазақстан тау-кен, металлургия өндірісінің V съезінде.

Ол сондай-ақ, аймақтардағы кеншілердің де құқығы бұзылғандығын мәлім етті. "Жасыратыны жоқ аймақтарда жергілікті билік пен компания басшылары арасында екіжақты меморандумдарға қол қойылып, оның негізінде компаниялар жергілікті әлеуметтік жобаларға қомақты қаржы бөлуге міндеттеледі. Ал мұндай келісімдер компания мүддесіне сай келмейтінін айтпағанда, еңбек кодексіне де қайшы", - деді ол.

"Компаниялардың барлығы бірдей болмайтыны белгілі және біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі мемлекеттік саясатты да қолдаймыз. Бұл мәселеде кәсіподақ жұмыс берушілер жағында екенін де ескертеміз. Мұндай тақырыпта келісімге келмес бұрын үшінші жақты, яғни кәсіподақты да қатыстырған абзал", - деп толықтырды ол өз сөзін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети