Қазақстандық компания жоғалған ұшақты қайта сақтандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық компания жоғалған ұшақты қайта сақтандырды ©"Евразия" СК

Malaysia Airlines компаниясының із-түссіз кеткен жолаушылар ұшағын қазақстандық "Евразия" компаниясы қайта сақтандырды деп хабарлайды Tengrinews.kz акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ""Евразия" сақтандыру компаниясы" АҚ жоғалған ұшақ пен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін қайта сақтандырды. Қазіргі уақытта компания оқиғаның мән-жайын анықтауға және оқиғаны сақтандыру жағдайы деп тануға қажетті құжаттарды күтіп отыр", - делінген баспасөз парағында. 8 наурызға қараған түні Куала-Лумпурден Бейжіңге ұшқан Boeing 777 ұшағы көп ұзамай диспетчерлік радардан көрінбей кеткен еді. Оның бортында 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Сол күні лайнердің ұшу бағытында ауа райы қолайлы болған, ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымда болған кезде онымен соңғы рет байланыс жасалған. Ұшақты іздеуге бүгінде 25 мемлекет атсалысып жатыр. Алғашқыда іздеу аймағы тек Оңтүстік Қытай теңізімен шектелсе, кейін ол солтүстікке және Австралияға дейін едәуір ұлғайтылды. 10 тәулікке жуық уақыт өтсе де, жолаушылар ұшағы табылар емес. Сақтандыру компаниясының өкілдері теңіздің Вьетнамның аумағындағы бөлігінде, Тхо-Чу аралынан 250 шақырымнан бірнеше қалдықтың табылғанын еске салады. "Егер оның малайзиялық ұшақтікі екені расталса, апаттың негізгі себептері техникалық жарамсыздық, двигательдің істен шығуы, террористердің әрекеті немесе экипаждың қателігі болуы мүмкін", - дейді компанияның баспасөз қызметі. Дегенмен бұл қалдықтардың Boeing 777-ге қатысы бары әлі расталған жоқ. "Беллетристикаға тән тіркес сияқты көрінгенімен "жұмбақ жоғалу" дегеніңіз - сақтандыру полистерінде жиі кездесетін сақтандыру тәуекелі. Ол сақтандырылған адамның мүлкі оқиғаның себептері мен картинасын анықтау мүмкін емес болған жағдайда жоғалған кезде қорғаныс бола алады", - делінген баспасөз парағында. "Евразия" сақтандыру компаниясының дүниежүзі бойынша ірі табиғи апаттар мен төтенше оқиғалардан сақтандыруда ұзақ жылдық тәжірибесі бар екенін айта кету керек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети