Қазақстандық полицейлер 1 сәуірден бастап смартфон қолдана алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық полицейлер 1 сәуірден бастап смартфон қолдана алмайды © Vistanews.kz

ҚР ІІМ-де смартфондарды қолдануға тыйымды биыл 1 сәуірден бастап салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ-де смартфондарды қолдануға тыйымды биыл 1 сәуірден бастап салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлімдеді. 

"Шешім қабылданды. Ол премьер-министрдің кеңсесімен мақұлданды, мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында жұмысқа планшеттер мен смартфондарды әкеле алмайды. Бірқатар меморганда бұл енгізіліп қойды, көбінде 1 сәуірден кейін, 4 сәуірден бастайды. Ішкі тәртіп ережелері бар. ҚР Ішкі істер министрлігіне қатыстысы - 1 сәуірден бастап біз қызметкерлерімізге жұмысқа смартфон мен планшетпен келуге тыйым сала бастаймыз. Барлығымыз, басшылықтан бастап, барлығымыз қарапайым телефондарды сатып алдық, онда Интернетке кіруге мүмкіндік жоқ", - деді Лепеха.

"Бұл бірқатар маңызды құжаттың WhatsApp-та таралуына байланысты. Сондықтан осындай шешім қабылданды", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети