Қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсырады ҰБТ тапсыру сәті. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҰБТ 2016 жылдың 2-10 маусымы аралығында елдің барлық өңірінде, 165 арнайы жабдықталған пунктте тапсырады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҰБТ 2016 жылдың 2-10 маусымы аралығында елдің барлық өңірінде, 165 арнайы жабдықталған пунктте тапсырады.

115 пункт аудан орталықтарындағы мектептердің ғимаратында орналасқан, 50 пункт облыс орталықтарындағы ЖОО-ларда, Астана мен Алматыда орналасқан. Барлық пунктте мемлекеттік комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. ҰБТ 1114 аудиторияда өтеді.

Тест тапсырмаларының базасы жаңарды. Биыл 50 балл жинай алмаған түлектер ақылы түрдегі кешенді тестілеуден өте алады.  

2016 жылы 121 092 оқушы мектеп тәмамдады. Олардың 83 330-ы қазақ тілінде білім беретін мектепті, ал 37 762-сі орыс тілінде білім беретін бөлімде аяқтады. ҰБТ-ға қатысу туралы өтінішті 86 991 адам берген, бұл еліміздегні жалпы түлектердің 82 пайызы (63021 - қазақ тілінде, 23970 - орыс тілінде).

ҰБТ қорытындысы - құпия сақталатын мәлімет. Оны жеке жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) бойынша ғана алуға болады. Жинаған ұпай мен оқушылардың аты-жөндері ЖСН сандарымен өзгертіледі. Сонымен қатар, ҰБТ қорытындысы Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады (www.testcenter.kz). Сервиске кіру үшін ЖСН номерін және емтихан алдында берілетін жеке кодты енгізу қажет.

Қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсырады. Келесі оқу жылынан бастап оқуды аяқтау және Жоғары оқу орындарына түсу емтихандары екі кезеңге бөлінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети