Қазақстандық туристер Анталиядан елге ұшып келе алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық туристер Анталиядан елге ұшып келе алмай отыр © gtrk.tv

Бірнеше қазақстандық турист Анталиядан елге ұшып келе алмай отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне туристердің өзі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше қазақстандық турист Анталиядан елге ұшып келе алмай отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне туристердің өзі хабарлады.

Туристердің айтуынша, олар Анталиядан Ыстамбұлға Түркияның Onur Air әуе компаниясы арқылы, ал Алматыға Air Astana әуе компаниясының 8Q225 рейсімен ұшып келуі тиіс болған. Қазіргі уақытта он қазақстандық турист Анталия әуежайында. Олар рейсті он сағаттан аса уақыт күтіп отыр.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың айтуынша, әуе компанияның өкілдері олармен сөйлесуден бас тартып отыр. Олар өз бетінше Ыстамбұлға басқа рейспен кете берейін десе жүктерін қайтарып ала алмай отыр екен.

Ал Анталиядағы Қазақстан консулдығының өкілдері қазіргі уақытта шамамен 50 адамның Ыстамбұлға ұша алмай отырғанын хабарлады. Олардың 30-ы - қазақстандықтар. Рейс кешіктірілгендіктен 20 қазақстандық өз бетінше Ыстамбұлға ұшып кетсе, 10 адам әлі уақытқа дейін әуежайда рейсті күтіп отыр.

Анталиядағы ҚР консулы Бауыржан Әбдірахмановтың айтуынша, олар қазіргі уақытта осы мәселемен айналысып жатыр. Қазақстандықтар Анталиядағы мейманханаларға орналастырылады.

Сондай-ақ, консул қазақстандық туристерге ақшаларын қайтару үшін компания өкілдерімен сөйлесетіндерін айтып өтті.

Ал кейінірек барлық он қазақстандықтың мейманханаға орналастырылғаны хабарланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети