Қазақстандық жүргізушілерге арналған жаңа емтихан билеттері 3D форматында жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жүргізушілерге арналған жаңа емтихан билеттері 3D форматында жасалды Иллюстрацияларды Safety Driving компаниясы ұсынды

Қазақстанның барлық ХҚКО-ларында жаңа емтихан базасы енгізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің берген жауабында айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның барлық ХҚКО-ларында жаңа емтихан базасы енгізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің берген жауабында айтылады.

"Бүгінге дейін барлық мамандандырылған ХҚКО-да теориялық емтихан қабылдауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 13 қарашасындағы қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жаңа сұрақтар енгізілді", - деп хабарлады ІІМ ӘПК өкілдері.  

Жаңа емтихан сұрақтарын ҚР ІІМ Әкімшілік полициясының қызметкерлерінің ойластырғаны және бюджеттен қаражаттың жұмсалмағаны айтылады.

"Жаңа емтихан билеттері 3D форматында жасалды. Жүргізушілерді дайындау ЖҚЕ талаптарына сай жүзеге асырылады", - делінген ӘПК жауабында. 

Ведомство өкілдері барлық оқу ұйымдарының эмтихан билеттерінің жаңартылғаны жөнінде хабарланғанын айтып отыр. 

Иллюстрацияларды Safety Driving компаниясы ұсынды

Еске салайық, 7 маусымнан бастап елімізде автомектептерде оқымай-ақ жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі пайда болды. Үміткерлер арнайы ХҚКО-ларда емтихан тапсыруы тиіс. Қазақстанда жүргізуші куәліктерін беру және автокөлікті тіркеудің Ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енді.  

Азаматтар өз бетінше дайындалып, А, А1, В, В1 категорияларындағы куәліктерге емтихан тапсыра алады. Жүргізуші куәліктері тұрғылықты мекен-жайсыз арнайы ХҚКО-ларда емтихан тапсырып, алуына мүмкіндік жасалды. Әкімшілік полиция өкілдерінің айтуынша, емтихан тапсыру процедурасы бұрынғы қалпында қалды және етеориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады.  

Айта кетейік, жүргізуші куәліктерін автомектептерде оқымай-ақ алу мүмкіндігі жайлы хабар биылғы наурызда белгілі болған. Алайда сарапшылар бұл жаңалықтың жолдардағы жағдайды қиындатуы мүмкін екенін айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети