Қазақстандықтар елдегі тыныштық үшін Назарбаевқа алғыс айтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар елдегі тыныштық үшін Назарбаевқа алғыс айтады ©Tengrinews.kz

Қазақстандықтар елдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар елдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Біз адамдарды діни көзқарасына, түр-түсіне, мәдениеті мен тіліне қарап бөлмейміз. Ұлы адамшылық деген - осы. Бізді Жер бетінде Құдай сол үшін, өзара татулық пен келісімде өмір сүріп, соның жемісін жесін деп жаратты. Бұл - біздің гүлденуіміздің, жыл сайын жақсы өмір сүруіміздің, балаларымыздың жақсы қоғамда өмір сүруінің негізі", - деді Назарбаев "Мерейлі Отбасы" ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанатында.

Президент аймақтарға сапар шеккен кезде өзіне қазақстандықтардың елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін алғыс айтып жататынын атап өтті. "Мен жыл сайын барлық аймақта болып шығамын. Барлық уақытта, әсіресе, айналаның бәрінде соғыс жүріп, жұрттар бір-бірін себепсіз өлтіріп жатқан қазіргі кездің өзінде бәрі елдегі ахуалға ризашылық танытып, маған алғыс айтып жатады, олар келешекке, өз балаларының болашағына сеніммен қарайды. Бұл - біздің қоғамдағы тұрақтылықтың, шынайы татулығымыздың, бір-бірімізге деген төзімділігіміздің, тіпті, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміздің нәтижесі", - деді Назарбаев.

"Украинада биыл мыңдаған адам қырылады деп кім ойлаған? Бірнеше мың адам! Бұған етіміз үйреніп кетті. Күн сайын я Иракта, я Сирияда 50-100 адамнан өлтіріп жатыр, жарылып жатыр", - деді Президент.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети