Қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлап жатыр ©Astana.gov.kz

Қазақстандықтар шығыс түркі халықтарында Жаңа жыл саналатын Наурыз мейрамын тойлап жатыр, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар шығыс түркі халықтарында Жаңа жыл саналатын Наурыз мейрамын тойлап жатыр, - деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

Наурыз мейрамы Қазақстанның барлық елді мекенінде, өңірлерінде, көшелерінде, саябақтары мен алаңдарында тойланады.  

Наурызды тойлау орындарында шығармашылық ұжымдар концерт қойып, түрлі байқаулар, викториналар, спорт жарыстарын ұйымдастырылып, сонымен қатар, ағаш отырғызу, азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізіледі. 

Бұл мейрам Қазақстанда мемлекеттік мереке саналады және үш күн тойланады - 21-23 наурыз аралығы. Заңнамаға сәйкес, республикада демалыс күндері болады. Осы жылы мереке күндері сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндеріне түсетіндіктен, қазақстандықтар бес күн қатарынан демала алады. Бұл сейсенбі мен сәрсенбі күндері де жұмыс күндері емес деген сөз (24, 25 наурыз күндері). 

Айта кетейік, Наурыз мейрамы республикада 2010 жылға дейін ресми түрде бір ғана күнде тойланып келді - 22 наурыз. Қазақтың ертедегі сенім-нанымына сәйкес, бұл уақытта ағаш отырғызып, бұлақтың көзін ашу керек немесе арықты тазалау керек. Мейрам қарсаңында үй жинастырылып, түрлі дәмді тамақ жасалады, ал оның ішінде ең бастысы - Наурыз көже.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети