Қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштің сүрілгеніне наразылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштің сүрілгеніне наразылық білдірді © kstnews.kz

Қостанай облысының Қарабалық ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіш алынып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының Қарабалық ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіш алынып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде алынып тасталған ескерткіштің қаланың көрікті жерлерінің бірі болғанын жазып жатыр. Алайда Қарабалық ауданы әкімдігінің өкілдері олай ойламайды.

Ескерткіштің 4 қыркүйекте сүрілгені айтылады. Кейінірек онда жаңа ескерткіш орнатылады екен.

"Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері жаңа ескерткіш орнатуға рұқсат берген. Біз оны қазан айының ортасында орнатқымыз келіп отыр. Жергілікті билік өкілдері қаржылай көмектеседі. "Қарабалық батыр" қоғамдық қоры ақша жинап жатыр. Жаңа ескерткіш қоладан жасалады", - деді Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Анаргүл Шәменова.

Басылымның мәліметінше, сүрілген ескерткіш 2015 жылы орнатылған. Оған 600 мың теңге көлемінде ақша жұмсалған. 

Қазір мессенджерлерде ескерткіштің алынып жатқан сәті түсірілген видеолар таралып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети