Қазақстандықтар шетелдегі соғыстарға қатысуға тырысады - Бас прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар шетелдегі соғыстарға қатысуға тырысады - Бас прокуратура ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар шетелдегі соғыстарға қатысуға тырысып бағып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар шетелдегі соғыстарға қатысуға тырысып бағып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ауғанстан, Ирак және Сирия аумағында ұрыс қимылдарына қатысатын бірқатар Қазақстан азаматтары туралы объективті ақпараттың қолда бар екенін хабарлайды. (...) Қазіргі уақытта біздің азаматтарымыздың шетелдегі "ыстық нүктелер" аталатын жерлерге, соның ішінде азғырып көндірумен және ұрыс қимылдары аймағына тілек білдергендерді жөнелтумен айналысатын тұлғалардың көмегімен шығу талпыныстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, сондай-ақ, жекелеген азаматтардың Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы жанжалға қатысуға барғаны туралы мәліметтер бар. Бұл фактілер бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қылмыстық істер қозғап, тергеп жатыр, ал олардың жекелегендері бойынша соттың айыптау үкімдері шығарылды.

Бас прокуратураның мәліметінше, мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыс болып саналады. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 162-бабымен жалдамалылық, яғни, жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру, сондай-ақ оны қарулы жанжалда пайдалану және қатысуы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны белгіленген. Қылмыстық кодекстің 162-1-бабына сәйкес, жалдамалылық белгілері болмаған кездің өзінде шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге құқыққа сыйымсыз қатысу да қылмыс саналады. Бұл әрекет үшін жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

"Кез келген мұндай сигналдар құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың мұқият тексерісіне ұшырайтынын ресми ескертеміз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жоғарыда көрсетілген баптарындағы қылмысты жоспарлағаны немесе жасағаны туралы объективті ақпарат бар адамдардың барлығы бірі қалмастан қылмыстық қудалауға ұшырайтын болады", - делінген ҚР Бас прокуратурасы таратқан мәлімдемеде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети