Қазақстандықтар соңғы кездері жұмысынан жылдам айырылатын болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар соңғы кездері жұмысынан жылдам айырылатын болған © salon.su

Қазақстандықтар соңғы кездері жұмысынан жылдам айырылатын болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар соңғы кездері жұмысынан жылдам айырылатын болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылдың екінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарда жұмыссыз қалғандардың саны жұмысқа тұрғандардың санынан асып түсті.

"2015 жылдың екінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 178,8 мың адам қабылданды, түрлі себептермен 186,7 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар - 82,2 пайыз, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 3,2 пайыз және басқа себептер бойынша - 14,6 пайыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл кезеңдегі жұмысқа қабылдау бойынша айналымның коэффициенті 6,5 пайыз болды, ал жұмыстан босату - 6,8 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 5,6 пайызға тең. Сәуір-маусым айларындағы жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 95,8 пайызды құрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети