Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді

Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос баспасөз мәслихатында сайлауға дауыс берушілердің 95,11 пайызының келгенін хабарлады. "Барлық өңірде адамдар сайлау басталмай тұрып келді және жабылуына дейін келіп жатты. Бұған келушілер мен қазақстандық және халықаралық бақылаушылар көз жеткізді. Біз учаскелер бойынша жедел мәлімет беруге дайынбыз - бірақ әзірше Қазақстанның шетелдердегі учаскелерінен мәлімет кейін түсетіндіктен, олар туралы мәліметті бере алмаймыз", - деді Фоос. Ол 27 сәуірде, Орталық сайлау комитетіне жедел мәліметтердің келіп түскенінен кейін ҚР президентінің сайлауының дауыс беру қорытындысы жайлы мәліметтің жария болатынын айтты. 

Өңірлерде сайлауға қатысу бойынша келесідей көрсеткіш ұсынылды: Ақмола облысы - 96,91 пайыз, Ақтөбе облысы - 96,36, Алматы облысы - 98,48, Атырау облысы - 97,75, Шығыс Қазақстан облысы - 97,47, Жамбыл облысы - 97, 31, Батыс Қазақстан облысы - 96,61, Қарағанды облысы - 97,21, Қызылорда облысы - 97,52, Қостанай облысы - 96,8, Маңғыстау облысы - 95,36, Павлодар облысы - 96, 35, Солтүстік Қазақстан облысы - 97, 71, Оңтүстік Қазақстан облысы - 97,78, Астана - 94,51, Алматы - 78,28.

26 сәуірде 21.00-де сайлаудың барлық учаскесі жабылды. Дауыстарды есептеу басталды. 18.00 жағдайында сайлау бюллетеньдерін жалпы дауыс берушілердің 89-69 пайызы алды. Бүгін түнде алдын ала exit poll жария етіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети