Қазақстандықтардың Америкаға келуін жеңілдеткіміз келеді - АҚШ елшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың Америкаға келуін жеңілдеткіміз келеді - АҚШ елшісі Иллюстрациялық сурет © PxHere

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол болашақта екі ел арасында визасыз тәртіп болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол болашақта екі ел арасында визасыз тәртіп болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"АҚШ-тың визалық саясаты негізінен көптеген агенттікке қатысты: АҚШ үкіметі, мемлекеттік департаментке. Біз қазақстандықтардың Америкаға келуін жеңілдеткіміз келеді және қазір бір виза мерзімін 10 жылға жасап жатырмыз. Мұның алдында 5 жылдан басталатын. Мұны ары қарай қалай кеңейте алатынымызды қарастырамыз. АҚШ пен Қазақстан арасында визасыз тәртіп қашан болатынын білмеймін, бірақ, мұның мүмкін екенін жоққа шығара алмаймын. Қазір мұны сатылай шешіп жатырмыз", - дейді Джордж Крол АҚШ елшілігіндегі журналистермен өткен дөңгелек үстел барысында. 

Мұны алдында Нұрсұлтан Назарбаев американың президенті Дональд Трампқа Қазақстандағы АҚШ азаматтары үшін енгізілген визасыз тәртіпке қатысты жауап күтетінін айтқан. 

"Қазақстанда америкалық азаматтарға визасыз тәртіп енгізілген. Біз осындай жауап болатынын күтеміз. Біздің елдер арасында алғаш рет авиациялық бағыт ашылып отыр", - деген еді Назарбаев Ақ үйдегі Дональд Трамппен кездесу барысында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети