Қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі туралы анықтамасы үшінші тұлғаларға беріледі - NITEC

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі туралы анықтамасы үшінші тұлғаларға беріледі - NITEC

2018 жылдан бастап eGov.kz порталында электрондық анықтамаларды үшінші жақпен алу сервисі қолжетімді болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы сайтына сілтеме жасап. Қызмет тегін көрсетіледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдан бастап eGov.kz порталында электрондық анықтамаларды үшінші жақпен алу сервисі қолжетімді болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы сайтына сілтеме жасап. Қызмет тегін көрсетіледі.

Азаматтар үшінші жақпен әрбір алынған анықтамаларға sms-хабарлама арқылы рұқсат береді. Егер пайдаланушы порталда және мобильдік азаматтар қорында тіркелсе, онда оның жеке кабинетіне сұраныспен келісу (бас тарту) үшін хабарлама жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 sms-хабарлама арқылы электрондық анықтаманы үшінші жақпен алуды растау/жоқтау сұранысы келеді. Сұраныс расталғаннан кейін ғана, хабарламаға жауап беру арқылы, үшінші жақтың "жеке кабинетіне" пайдаланушының атындағы электрондық анықтама келіп түседі.

Үшінші жақ ретінде жеке тұлға да, заңды тұлға да әрекет ете алады, ал пайдаланушы ретінде тек қана жеке тұлға ғана әрекет ете алатынын атап өткен жөн.

Осы сервис "Анықтамасыз қызметтер" жобасын іске асыру шеңберінде пилоттық режимінде іске қосылды және бүгінгі таңда үшінші жақпен тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамасы сияқты анықтамаларды алу үшін әрекет етеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы ақпанда сервис тізіміне сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама қосылады.

Бүгінгі күні үшінші жақпен 145 мекенжай анықтамасы, 22 жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама және 16 жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алынды.

Мобильдік азаматтар қорында тіркелу үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының "жеке кабинетіндегі", "телефон" сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін Порталдағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе ХҚКО-ға жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ға бекіту керек екенін еске саламыз. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети