Қазақстаннан Украинаға пойыз қатынасы тоқтатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан Украинаға пойыз қатынасы тоқтатылады ©Profi-forex.org

Мамыр айында Қазақстаннан Украинаға жолаушылар пойыздарының қатынауы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамыр айында Қазақстаннан Украинаға жолаушылар пойыздарының қатынауы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"27 мамырда Украина теміржол көлігі мемлекеттік әкімшілігінің қатынас хаты бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана - Киев бағытындағы №107/108 жолаушылар пойызына билет сатуды тоқтатады. Бұл пойыздың одан кейінгі қатынауы туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген баспасөз парағында. Ұлттық тасымалдаушы өкілдері бұл бағыттағы теміржол қатынасының не себепті тоқтатылып отырғанынан бейхабар екенін айтады.

Украинаға әуе билеттерін таратумен айналысатын астаналық фирмалардың мәліметінше, бұл елмен арадағы әуе рейстерінің кестесі өзгермеген. Еске салайық, 16 наурызда Қырымның мәртебесі туралы референдум өткеннен кейін түбек Ресей Федерациясы құрамына қосылған болатын. Бұдан соң Донецк облысында жаппай наразылық шарасы басталып, ереуілшілер Донецк халықтық республикасын жария етті. 17 сәуірде Ресей, АҚШ, Еуропа одағы және Украина Женевада Украинадағы шиеленісті бәсеңдету жөнінде келісімге келді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети