Қазақстаннан ұшып шыққан ұшақ Волгоградқа шұғыл қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан ұшып шыққан ұшақ Волгоградқа шұғыл қонды Иллюстрация © РИА Новости

Ақтаудан Мәскеуге ұшып бара жатқан "Аэрофлот" әуе лайнері Волгоград халықаралық әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұшақ бортында 50 жолаушы болған.

"Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің жүрегі ауырды және ұшқыш таңғы сағат алты шамасында Волгоград әуежайына қонуға рұқсат сұрады", - деді қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Татьяна Фомичева.

Ұшақ Волгоград әуежайына шұғыл қонғаннан кейін шамамен бір сағат өткенде өз бағыты бойынша әуеге көтерілді. Айта кетейік, өзін нашар сезінген жолаушы инфаркт болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети