Қазақстаннан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен - Зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен - Зерттеу

Қазақстаннан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom зерттеуіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom зерттеуіне сілтеме жасап.

Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 17 пайызға артық. Азаматтар Қазақстаннан көбіне Ресейге, Германияға және Өзбекстанға жиі қоныс аударады екен. 

"2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан келгенге қарағанда әлдеқайда көп адамнан кетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,1 мың адам көшіп кетті - 16,9%-ға артық (17,2 мың адам)", - делінген зерттеуде.

Ал өз кезегінде, биыл Қазақстанға барлығы 5,6 мың адам келіпті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға кем (6,4 мың адам). 

Негізінен елді қалалықтар тастап кетеді: 16,8 мың адам. Ауылдық жерден басқа елдерге 3,2 мың адам көшіп келді.

Жалпы, 2018 жылы елден 41,9 мың адам (бір жыл бұрын - 37,7 мың адам) кетіп, 12,7 мың адам (бір жыл бұрын - 15,6 мың адам) келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети