Қазақстанның 10 облысында тұман түседі

Астанадағы тұман, 2014 жыл, қараша. ©Максим Рожин

4 наурыз күні еліміздің көп бөлігінде тұман түседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл көлі аумағында жел секундына 22-27 метрге дейін күшейеді, күндіз жел екпіні секундына 30 метрден асады", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің болжамына қарағанда, республиканың барлық аумағына бұрынғысынша ауқымды антициклон ықпал етеді, соған байланысты елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер наурыз айының суық болатынын хабарлаған еді. "Қазгидрометтің" мәліметінше, солтүстік-шығыстан басқа өңірдің барлығында күн ашық болады. Көктемнің алғашқы күндерінде солтүстіктегі түнгі ауа температура 8-18 градусқа, күндіз 5 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте түнгі мезгілде 2-12 градус суық, күндіз 0-10 градус жылы болады. Сондай-ақ мамандар наурыздағы мереке күндері ауа райының қандай болатынын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама