Қазақстанның 6 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 6 өңірінде дауылды ескерту жарияланды © zi.dn.ua

Қазақстанның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

28 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 18-23 метр, екпіні секундына 30 метр болуы күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, таңертең және күндіз екпіні секундына 23-28 метр, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метр және одан аса күтіледі. 29-31 қазанда түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді. Таразда да осындай ауа райы болады. 

28-30 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр болады. Ал Астанада бұдан бөлек тұман, көктайғақ күтіледі.

28 қазанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Оралда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз. 

Сол күні, Шығыс Қазақстан облысында батыстан соғатын желінің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Кейінірек синоптиктер Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында дауылды ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз және түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавлда жел күші секундына 25 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз. 

28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 522.38  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети