Қазақстанның алты облысында күн бұзылады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның алты облысында күн бұзылады pixabay.com

Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

19 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түркістан қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Өңірде дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20, 23-28 метрге дейін жетеді. Петропавл қаласында осы күні найзағай ойнап, бұршақ жауады. Қалада дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метр сақталады.

19 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде күндіз секундына 15-20 метр болады. Қостанай қаласында осы күні найзағай жарқылдап, батыстан жел соғады. Желдің қарқыны секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күші түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, кей жерлерде  секундына 25 метр. Нұр-Сұлтан қаласында түнде 19 мамырда найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - секундына 15-20 метр.

19 мамырда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз секундына 25 метрге жетеді. Осы күні Өскемен қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал Семей қаласында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети