Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 19 наурызда күндіз Ақмола облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде желдің күші секундына 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 метр болады.

Астанада 19 наурызда күндіз және таңертең жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз және таңертең желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 25 метр болуы ықтимал.

Сонымен қатар, 19-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар еріп, су деңгейінің көтерілуі мен аудандарға судың жайылып шығу қаупі бар.

19-20 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қызылорда облыстарында да жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар еріп, су деңгейінің көтерілуі мен аудандарға судың жайылып шығу қаупі бар.

19-21 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндізгі ауа температурасының біртіндеп жылынуы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты (көбіне жаңбыр), мұздық құбылыстардың әлсіреуі, өзен арналарының қысылуы, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы мен су деңгейінің көтерілуі және аудандарға жайылма су шығуы мүмкін.

19-21 наурызда Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында құбылмалы ауа райының сақталуы мен 19 наурызда жауын-шашынның күтілуіне байланысты (көбіне жаңбыр), су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға су шығу үрдістері жүруі мүмкін.

19-21 наурызда Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын күтілуіне байланысты (кей жерлерде) су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети