Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды © alau.kz

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің берген мәліметтері бойынша, 16-18 желтоқсан күндері Жамбыл облысында - жаңбыр соңы қарға айналады, тұман, көктайғақ, жел күшейеді деп күтілуде. Сонымен бірге облыс аумағында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 13-18 градус суық болады деп болжанып отыр. 

Осы күндері Оңтүстік Қазақстан облысында да жаңбыр соңы қарға айналып, 17 желтоқсан күні кей жерлерде жауын-шашын мол түсіп, тұман және көктайғақ болады. Мұнда да жел күшейеді және ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 2-7 жылыдан 12-17 градус аязға дейін, күндіз 12-17 градус жылыдан 1-6 градусқа дейін суытады. 

16-18 желтоқсан күндері Қызылорда және Алматы облыстарында да жаңбыр соңы қарға айналады, жел күшейіп, тұман түседі және көктайғақ болады деп болжануда. Бұл аймақтарда да ауа температурасы күрт төмендейді. 

16-18 желтоқсан күндері Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 30 градус аяз болады деп күтілуде.

Мұның алдында синоптиктер Тәуелсіздік күні күн райы қандай болатынын болжаған. Олардың мәліметі бойынша, Қазақстанның басым аумағында алдағы үш күнде, 15-17 желтоқсан, күн райы бұзылып, қар жауады және жел күшеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети