Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады © Tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар комитетіндегілер "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасай отырып, 20 ақпанда қандай ауа райы күтілетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар комитетіндегілер "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасай отырып, 20 ақпанда қандай ауа райы күтілетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ТЖК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі. Кейбір аумақтарда тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысында қатты жел, күндізгі уақытта секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады. Алматы облысында тұман, көктайғақ, түнгі уақытта секундына 17-22 метрге жететін жел тұрады. Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метрге жететін жел болады. 

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да қатты жел тұрады. Ақтөбе облысында секундына 23 метрге жететін жел тұруы мүмкін. Қостанай,  Солтүстік Қазақстан аумақтарында жел, таңғы және түнгі уақытта тұман болып, күндізгі уақытта секундына 23-28 метрге жететін жел соғады деп күтіледі.

Павлодар облысында тұман, күндізгі уақытта секундынан 15-20 метрге жететін жел тұрады екен. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ және секундына 15-20 метр болатын жел болады. Шығыс Қазақстан облысында жел, көктайғақ, секундына 15-20 метр болатын, ал күндізгі уақытта секундына 25 метрге дейін жететін жел тұрады деп күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети