Қазақстанның бірнеше облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды © РИА Новости

Қазақстанның бірнеше облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты (аяз, көрудің нашарлауы) Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар трассаларда автомобильдің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылды: Жезқазған-Петропавл (377-595 шақырым, Державинск ауылы-Есіл қаласы); Жақсы-Есіл-Бузулук (0-82 шақырым); Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (232-260 шақырым); Екатеринбург-Алматы (917-1128 шақырым, Жақсы ауылы-Астрахан ауылы); Екатеринбург-Алматы (856-940 шақырым, Жақсы ауылынан Чистополье ауылына дейін).

Осыған ұқсас шектеу Ақтөбе облысының тас жолдарында барлық бағытта енгізілді. Қостанай облысында да автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді: Қарабұтақ-Денисовка (231-385шақырым, Ақтөбе облысы шекарасынан Денисовка ауылына дейін). Сонымен қатар, облыстық маңызы бар Жітіқара-Қамысты-Ливановка (0-73 шақырым) трассасында да көлік қозғалысы шектелді.

Қызылорда облысында қар мен боранға байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолында (1240-1356 шақырым, Арал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети