Қазақстанның бірнеше облысында қар жауып, аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысында қар жауып, аяз болады © ria.ru

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі  "Қазгидромет" РМК хабарламасы мен Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі  "Қазгидромет" РМК хабарламасы мен Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің 2016 жылдың 3-5 қарашасына арналған болжамы бойынша, Каспий теңізі оңтүстігінің үстінде қалыптасқан циклон, қатты жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытқа жылжуда, таяудағы тәулікте оның орталығы Балқаш ауданының үстінде болады. Осы циклонмен, соған байланысты атмосфералық фронттармен, республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын күтілуде. Еліміздің оңтүстігі, орталығы мен шығысында кей жерлерде күшті жауын-шашын, жаңбырдың арты қарға ұласады, тайғақ, желдің күшеюі кей жерлерде 15-25 м/с дейін жетеді.

4 қарашада Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Жел солтүстік-батыстан, республиканың шығысында солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 18-23, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.
4 қарашада күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градус жылыға дейін, түнде 5-6 қарашада 3-8, кей жерлерде 11 градус аязға дейін төмендейді.
4 қарашада түнде және таңертен Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. 3 қарашада күндіз, 4 қарашада түнде және таңертен жел солтүстік-батыстан соғады, күші 23-28, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.

4 қарашада циклон Қазақстан аумағынан шығады. Циклонды Ресейдің Еуропалық бөлігінен жауын-шашын мен суытуды аз мерзімге  тоқтататын, антициклон ауыстыратын болады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети