Қазақстанның екі облысында аязға байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі облысында аязға байланысты ескерту жарияланды ©st.gdefon.com

Қазақстанның екі облысында аязға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі облысында аязға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында 20 ақпан күні түнде ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді, Шығыс Қазақстан облысында 28-33, кей жерлерде 38 градусқа дейін аяз болады. ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аязға байланысты бұл аймақта сабақтар тоқтатылды: Өскеменде 1-4 сыныптар (1-ауысым), Семейде 1-9 сыныптар (1-ауысым), Риддер мен Зырянда 1-11 сыныптар, колледждер мен лицейлердің І, ІІ - курстары (1 және 2 ауысымдар), сонымен қатар, өзге де аудандарда сабақтар тоқтатылды.

Синоптиктердің мәліметінше, 20 ақпанда Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, ауа райы жауын-шашынсыз, тек солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстікте жаппай таралым өтетіндіктен, кей жерлерде жауын жауып, боран соғады. Сонымен қатар, тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы артады. Қостанай және түнде Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарында жел күшейіп, жер бауырлай боран соғады деген болжам бар. Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды, кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысында көктайғақ болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жайсыз ауа райына байланысты 18 ақпаннан 20-сына дейінгі аралықта республиканың алты облысында ескерту жарияланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети