Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді ©РИА Новости

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына тағы да шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына тағы да шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін, 2015 жылдың 12 наурызында Шығыс Қазақстан облысында Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы автожолының Шемонаихадан РФ шекарасына дейінгі 105-123-шақырымдардағы учаскесінде ауа райы жағдайларының нашарлауына (қар, боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа 11 наурыз күні 16.45-те енгізілген шектеу сақталады", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған - Петропавл автожолының Жезқазғаннан Қостанай облысы шекарасына дейінгі учаскесінде, Ботақара - Керней - Үміткер - Баянауыл - Қалқаман автожолының Ботақарадан Павлодар облысы шекарасына дейінгі учаскесінде және Астана - Киевка - Теміртау автожолының Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына 10 наурыз күні енгізілген шектеу сақталады. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети